Main
News
28.09.2023 Студенттер үшін білім берудегі жаппай ашық онлайн-курстарының (ЖАОК) артықшылықтары
Қазіргі білім беру жаппай ашық онлайн-курстары (ЖАОК) есебінен инновациялық тұрғыда байытылған. Coursera сияқты ЖАОК курстарын қолданудың студенттер үшін бірқатар үлкен артықшылықтары бар.
Coursera - білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне кепілдік беретін әлемнің жетекші университеттерінің курстарынан тұратын онлайн білім беру платформасы. Сіз кәсіби мамандар әзірлеген ең жақсы оқу материалдарына қол жеткізе аласыз.
Coursera онлайн білім беру платформасы студенттерге оқу саласына сәйкес курс таңдау мүмкіндігін береді. Сіздің білімге деген қызығушылығыңызға қарамастан, мұнда Сіз міндетті түрде өзіңізге лайық курсты таба аласыз. Студенттер қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде курстардан өте алады.
Курсты таңдау кезінде студенттерге оқу жоспары беріледі. Оқу жоспарында бейненің атаулары мен ұзақтығы, өзіндік жұмыс пен тесттерге арналған материалдар саны көрсетілген. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер оқытушылардың қолдары мен университет мөрі қойылған электронды түрде сертификат алады.
Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1500 студенті Coursera платформасында білім алуда. Сонымен қатар, 3000 студент оқуын сәтті аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Абай университетінің студенттері Coursera платформасында 100 тегін курсқа қол жеткізе алады.
|