қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
13.08.2020

ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция


 

2020 жылғы 28 тамызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституциялық құндылықтар ғаламдық мәселелерге төтеп беру жолында қоғамды жұмылдырудың құқықтық негізі ретінде» онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Оған қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар қатысады.

 

Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Н.Назарбаев Қоры, Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалық бюросы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы.

 

Іс - шараның мақсаты-еліміздің Негізгі Заңының жылдар бойы атқарған жұмысын қорытындылау. Конференция аясында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ұсынған кітаптың тұсаукесері өтеді.

 

«Қазақстандық жол: конституционализм, адамдар, бейбітшілік пен өркендеу» кітабында шетелдік сарапшылардың қазіргі қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы ел Конституциясының рөлі мен маңызына, елдегі демократиялық стандарттарды орнату процестеріне, заңның үстемдігі мен конституционализм принциптеріне берген бағалары көрсетілген мақалалар бар.

 

Басылымның авторлық ұжымына беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, конституциялық бақылау органдарының басшылары, белгілі отандық және шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлері, әлемге танымал ғалымдар кірді.