Main
News
31.08.2023 Ата Заң - тұрақтылық пен дамыту кепілі
2023 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Абай университетінің Тарих және құқық институт директораты «Құқықтану» кафедрасының және Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ата Заң - тұрақтылық пен дамыту кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушы Алия Қасымбек баяндама жасады.
Институт директоры Ғабит Кенжебаев студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және шақырылған қонақтарды еліміздің Конституциясының 28 жылдығымен құттықтап, оның қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Тарих және құқық институтының 1-3 курс студенттері баяндамашыға сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.
|