About us | Главная /
Жунусбекова Азиза
Жунусбекова Азиза
1988 жылы 25 қарашада Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) дүниеге келген, қазақ. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриатын, 2011 жылы магистратураны бітірді. 2015 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін басқару қызметіне дайындау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2016 жылы «6D010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді. Педагогикалық қызметін жоғары білім беру жүйесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (Алматы қ.) оқытушы және Қазақ технология және бизнес университетінде (Нұр-Сұлтан қ.) аға оқытушы болып бастады. Университетте жүргенде ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға, білім берудегі менеджмент бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазуға белсене қатысты.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: Білім берудегі менеджмент, жаңартылған мазмұндағы «Ағылшын тілі» «Дүниетану» пәндерінің жаңартылған мазмұнын оқыту әдістемесі, т.б. - екі тілде, қазақ және ағылшын тілдерінде оқыту.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 30-дан астам ғылыми жұмыс жарияланды, оның ішінде Thomson Reuters деректер базасында, Scopus (h-Index - 1) шетелдік басылымда 5 мақала, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 6 мақала. Жыл сайын халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға қатысады.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ. Жарияланған: - «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы менеджмент» оқу құралы (2014 ж., авторлық бірлестікте); - «Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы менеджерлерді даярлау» оқу-әдістемелік құралы (2013 ж., авторлық бірлестікте); - «Модернизация жағдайында кәсіптік-педагогикалық кадрларды даярлау» оқу-әдістемелік құралы (2014 ж., авторлық бірлестікте); - «Әлемнің жетекші елдерінің білім беру жүйесі» монография (2014 ж., авторлық бірлестікте); - «Білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауға арналған әдістемелік ұсыныстар («Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының мысалында) (2013 ж., авторлық бірлестікте).
МАРАПАТТАРЫ «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 90 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (08.02.2019 ж.).
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|