About us | Главная /
Бекмуратова Гульжанар Тоғызбайқызы
Бекмуратова Гульжанар Тоғызбайқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Бекмуратова Гульжанар Тоғызбайқызы 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ӘБЕПК факультетін бітіріп, 1996 жылы «Психология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оны 1998 жылы бітірді. Сонымен қатар 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Коррекциялық психология» мамандығы бойынша аспирантурасын аяқтаған. 2008 жылы 19.00.07 - Педагогикалық психология мамандығы бойынша психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Психология және әлеуметтік педагогика» кафедрасына оқытушы қызметін атқарып, қазіргі күнге дейін «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасында оқытушылық қызметін жалғастыруда. Жалпы осы ЖОО-ғы педагогикалық тәжірибесі 24 жыл. Бекмуратова Г.Т. өзінің ғылыми-теориялық деңгейін үнемі арттырып және педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отырады. Бірнеше рет біліктілікті арттыру курстарына қатысты, соның ішінде Қазақстан Республикасында, Болгарияда, Ұлыбританияда. Қазіргі кезде Г.Т. Бекмуратованың 65-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген, оның 1 - монография, 3 - импакт-факторлы мақала (скопус), 2 - оқу құралы.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: Әлеуметтік саладағы психологиялық қызмет, Психоәлеуметтік дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздері, Балалар мен ересектердің дағдарысына көмек көрсету, Білім берудегі психология (Minor).
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны. Зерттеу тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектер тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері. 1. Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы балалардың ырықсыз есте сақтауының ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы «Психология» серисы №1 (62). Алматы, 2020., 243-246 б. 2.Зияты зақымдалған балалардың агрессивті мінез-құлықтарының ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы «Психология» серисы №1 (62). Алматы, 2020., 158-163 бб. 3. Нашар еститін бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік-эмоциональды интеллектісін зерттеудің онтогенетикалық негізі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы «Психология» сериясы №4 (69), Алматы, 2021.114-119 б. 4.Кино білімі жасөспірімдердің кәсіби және жеке даму құралы ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы. № 4(137) /2021. 409-118 б. 5. The experimental study of individuals accentual character. 2016 International Union of Psychological Science International Journal of Psychological. Behavioral Psychology. / International journal of psychology - 2016. ISSN 0020-7594; eISSN1464-066X( Q3)
МАРАПАТТАРЫ 1.Алғыс хат: Студент жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы ерен еңбегі мен институттың қоғамдық жұмыстарына белсенді араласқаны үшін (2014). 2."Өркендеу" бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі және "Рухани жаңғыру: Адами құндылықтарды рухани жаңғырту" тақырыбында өткен семинарға қатысқаны үшін (2019). 3.Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2022 жылдың сәуір айының 04-14 аралығында өткен дәстүрлі тарихы бар "Ғылым декадасының" жоғары мазмұнда ұйымдастырылуына үлес қосқан үшін (2022).
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|