Main /
Mass media about us
28.04.2023 «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» семинары
2023 жылғы 28 сәуірде №156 балабақшаның базасында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті Ғалия Таубаева тәрбиешілер мен «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттерімен «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» өзекті мәселелерін талқылау мақсатында сындарлы семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (№348 бұйрық, 03.08.2022) мен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының (№422 бұйрық, 14.10.2022) мектепке дейінгі ұйымның тәрбие мен білім беру үдерісінде жүзеге асырылуы.
Семинарда бүгінгі таңдағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту үдерісінде басшылыққа алатын мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттардың ерекшеліктері кеңінен талдай отырып, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен студенттер мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық сақтау, танымдық-зияткерлік, коммуникативтік-тілдік, шығармашылық-зерттеушілік, және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын ұйымдастырылған іс-әрекет барысында (ойын әрекеті) дамытуда атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, өз ойларын ортаға салды.
|