Main /
Mass media about us
21.04.2023 Алматыда тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы ашылды
Еліміздің университеттерінде жұмыс істейтін қазақ тілі бойынша диссертациялық кеңестер енді бір жерден басқарылады.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы құрылды. Бұдан былай жас ғалымдардың ана тілімізге қатысты диссертациялық жұмыстарының тақыбыры мен зерттеу саласы бір-бірін қайталамайды. Білікті ғалымдардан құралған алқа мүшелері, шәкірттердің ғылыми жұмыстарын қадағалап, бағыт-бағдар беріп отырады. Орталыққа Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев басшылық етеді. Мамандар: «бұл бастама, тың әдістемелік-теориялық материалдарды жіктеп, зерттеуді күшейтуіге мүмкіндік береді», - дейді.
Фаузия Оразбаева, ҚР ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі:
- Ең алдымен диссертацияның тақырыбы бекітілерде осы үйлестіру орталығының алдынан өтеді, комиссия оны қарайды. Егер ол қайталанса немесе нақты емес ұсақ-түйек мәселені сөз етсе ол тақырыпты бекітпейді. Өйткені, қазір кейбір кеңестердегі диссертациялар қайталанып, оның нәтижесі де, пайдасы да болмай жатыр. Ал оны дұрыс жолға қоюдың бағытын, бағдарын айқындайды.
21.04.2023 г. Источник: 24.kz |