Main /
Mass media about us
22.04.2023 Үйлестіру орталығы ашылды
Aбай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен "Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру" Орталығының ашылу салтанаты болып өтті.
дегеніміз - қоғамның, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетінің көрсеткіші екені белгілі. Осымен байланысты ойлау жүйеміз бен төлтума қазынамыздың тілде сақталған елдік сана рухын жаңа заманның деңгейіндегі рухани-ақпараттық жүйеге ендіріп, əлемдік ақыл-ой кеңістігіне жол ашатын құралы - қазақ тіл ғылымының салаларына қатысты зерттеулер болып табылатыны анық.Сондықтан да еліміздің жоғары оқу орындарындағы 10-нан астам Диссертациялық кеңестердің тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы ретінде - ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындап, тіл ғылымы бойынша орындалатын докторлық диссертациялық жұмыстардың өзекті мәселелерге арналуын және тақырыптардың қайталанбауын қадағалауды үйлестіретін консультативтік-кеңесші рөлін атқаратын болады. Орталық жұмысына ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымларының доктоы Кәрімбек Құрманәлиев басшылық етеді.
22.04.2023 ж. Ақпарат көзі: zhasalash.kz
|