Main
News
18.04.2023 «Өзін-өзі бағалауды арттыру» психологиялық тренингі
Тренинг топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жаңғырық» танысу жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімнің алдында қысымнан босаңсу және жағымсыз көңіл-күйден арылуға бағытталған «Сілкін» жаттығуы өткізілді. Негізгі бөлімде «Кімде бар... » және «Мен өзімді жақсы көремін, тіпті...» жаттығулары бақылауды дамытуға және өздерінің кемшіліктерін оң қабылдауға бағытталған. Қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында «Шам» жаттығуы жүргізіліп, студенттердің жағымды әсер алып, өздерінің бойындағы көшбасшылық қабілеттері мен тұлғалық дарындарын анықтай алғандығына куә болдық.
«Психологиялық қызмет» секторы |