About us | Главная /
Шенгелбаева Нұржамал Рахымжанқызы
Шенгелбаева Нұржамал Рахымжанқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепті, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогика институтын бітірген. «Қайнар» университетінде ізденуші болды, кандидаттық диссертация қорғады. ҚР ҚК Әскери академиясында, содан кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қызмет істейді. 60-тан астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: Тіл біліміне кіріспе, Аударма теориясы мен практикасы, Мәдениетаралық қарым-қатынас және аударма, Аударманың психолингвистикалық аспектілері , Көркем аударма, Ресми-іскери аударма- екі тілде сабақ береді. Магистратурада: Аударманың идиоматикалық мәселелері
Ғылыми бағыты: аударма әдіснамасы, салғастырмалы терминология. Жалпы саны 30 астам ғылыми жұмыстары жарияланған, оның ішінде «Әскери іс» саласы бойынша 3 көптілді сөздіктердің қосалқы авторы, жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Алғашқы әскери дайындық» (10-11 сыныптар үшін) оқулығының аудармашысы, сондай-ақ рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда мақалалары бар. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша «Шетел Шығыс елдерінде тәуелсіз Қазақстанның жаңғыру тәжірибесін тарату: лингвомәдениеттану және аударма аспектілері» (2018-2019) ғылыми жобасына; Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының қаржыландырумен өткізілген: «Мәңгілік ел идеясы талабына сай көптілді педагог мамандар даярлаудың ғылыми-әдістемелік, инновациялық бағыттары (қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша)» (2016 ж.) жобасына қатысушы.
МАРАПАТТАРЫ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім беру саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хаты (2006, 2007) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери іс саласында мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы (2006) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің медицина терминдерін аударуға қосқан үлесі үшін (2012, 2015, 2017) Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 90 жылдығына арналған төсбелгі
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|