«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» футбол турнирі
2023 жылғы 7-8 сәуір күндері Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» футбол турнирі өткізілді. Мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Спорттық шараға сегіз команда қатысып, жоғары деңгейдегі сайысты көрсетті. Турнир нәтижесінде І орынды 1 курс студенттері - болашақ биологтар мен географтардан тұратын «Жалын» командасы иеленді. №8 жатақхананың «Қыран» командасы ІІ орынды, 2 курс студенттерінен құралған «Магелан» командасы ІІІ орынды жеңіп алды. Жарыс өте тартысты, әрі қызықты өтті.

