Main
News
10.04.2023 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен жобалары байқауының қорытындысы
2023 жылғы 8 сәуірде Абай университетінің Ғылым онкүндігінде «Білім берудегі инновациялар: тәжірибелер, мәселелер және перспективалар» ғалымдар мен мұғалімдердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Педагогика және психология институтында алғаш рет бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен жобаларының байқауы өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен жобаларының Ережесі Педагогика және психология институты Ғылыми кеңесінің 6.12.2022 ж. №4 хаттамасымен бекітілді.
Ережені әзірлегендер: Педагогика және психология институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Абсатова М.А.; бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Жумабаева А.Е. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: Астамбаева Ж.К., Лебедева Л.А.; Акпаева А.Б.
Жартылай финал кезеңіне 38 жұмыс келіп түсті. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері - Жәния Әубәкірова атындағы авторлық мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Е.А. Кулакова мен К.В.Дегтярева жұмыстарды сұрыптады.
Финалға қатысу жұмыстарын және оларға қатысты материалдарды іріктеу үшін қазылар алқасының мүшелеріне сілтемесі бойынша сауалнама ұсынылды. Қазылар алқасы Ережеде ұсынылған критерийлер бойынша электрондық дауыс берді. Жобалар әртүрлі критерийлер бойынша бағаланды, мысалы, идеяның бірегейлігі, зерттеу сапасы, таныстырылымның анықтығы мен сенімділігі және т. б.
Орташа балл қорытындысы бойынша 1-3 дәрежелі дипломдармен марапаттауға 3-4 сыныптағы жас тобынан 17 жұмыс және 1-2 сыныптар бойынша - 4 жұмыс ұсынылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған түрлі тақырыптар бойынша ғылыми жобаларын ұсынды. Жобалардың қатарында зерттеулер, эксперименттер, жобалық және технологиялық өнімдер болды.
Соңғы көпшілік алдында қорғауда оқушылар өз нәтижелерін растады. Байқау кішкентай ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын қолдауға және олардың осы саладағы дарындарын дамытуға ықпал етуге бағытталған.
Қорғау еркін түрде, жоғары деңгейде өтті. 3 курс студенттері Шадия Халикова мен Ника Горчакова финалды ұйымдастыруға көмектесті, университет бойынша топсеруен өткізді. Финалдық кезеңнің қазылар алқасы ретінде 5 педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, PhD докторы, 5 ауылдық және қалалық мектеп мұғалімдері (жас және еңбек өтілі бар), 4 магистрант және «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері қатысты.
Жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Марапаттау рәсімін Педагогика және психология институтының директоры Г.А. Абаева және директордың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары М. А. Абсатова өткізді.
Біз өз ғылыми зерттеулерімен бөліскісі келетін Алматы қаласы мен Алматы және Жамбыл облысының барлық кіші мектеп жасындағы оқушыларын осы қызықты байқауға қатысуға және ғылымдағы дарындарын көрсетуге шақырдық!
Байқаудың хаттамасын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://drive.google.com/file/d/1WnT2b8xERYpVIhpM-IFuThaT8C5NsRWg/view?usp=share_link
|