Main
News
07.04.2023 Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы «Ең ақылды» зияткерлік сайысы
2023 жылғы 5 сәуірде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Қ. Шорманова «Ғылым онкүндігі-2023» аясында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ең ақылды» зияткерлік сайысын өткізді. Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығымен және Әлем тарихы кафедрасының 85 жылдығына арналды.
Сайысқа қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тұран университеті, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы және Абай университетінің студенттері қатысты. «Пролог» іріктеу турының нәтижесінде негізгі ойынға 9 студент жіберілді. Барлық шарттармен танысқан студенттер әр айналымның тарихи және логикалық сұрақтарына жауап беруге тырысты.
Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында алғаш рет өткізіліп отырған зияткерлік сайыс олимпиада форматында өтті. Негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты қолдау, жалпы тарих пен ғылымға деген қызығушылықты күшейту, білім деңгейін арттыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сыни ойлауын дамыту және жастардың ғылыми, кәсіби әлеуетін ашу. Зияткерлік сайыстың ашылуына Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Қ.М. Рүстем, директордың ғылым жөніндегі орынбасары М.М. Мұратқазин, профессор Х.Сутеева және кафедраның доценті Г.Т. Джайнақбаева қатысты. «Ең ақылды» зияткерлік сайыстың жүргізушісі 1 курс магистранты Руслан Айткужин болды. Сайыс нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының студенттері жүлделі орындарға ие болды, ал орын алмаған студенттер сайысқа қатысқаны туралы сертификаттар алды.
|