қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
22.06.2020

Карантин кезінде ата-аналарға кеңес

 

Абай университеті Қоғаммен байланыс бөлімінің бастамасымен 2020 жылдың мамыр айынан бастап университет талапкерлерге, студенттерге және олардың ата-аналарына түрлі тақырыптар бойынша психологиялық кеңестер беріп келеді. Абай атындағы ҚазҰПУ-да осы саладағы кәсіби мамандар жұмыс істейді. Сонымен, карантинге байланысты біз Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәжірибелі психологы Бақыт Жігітбекованың пайдалы кеңестерін ұсынамыз.

 

Адам бір уақытта екі бағытта байланыста болады. Бұл сыртқы және ішкі аумақтар. Сыртқы аумақтарға адамның еңбек, үй, әлеуметтік және отбасылық байланыстары, оның ішкі аумағы - құндылықтар, сезімдер, дүниетаным жатады. Бұл аумақтар психологиялық қолдау, қуатты ресурстар көзі болып табылады, соның арқасында сіз өзіңізді жайлы сезінесіз. Карантинге байланысты сыртқы аумақ іс жүзінде уақытша жоғалып кетті. Біз әріптестерімізбен және достарымызбен кездеспейміз, мейрамханаларда қуаныштарда бірге өткізу уақытша тоқтатылды. Сондықтан күштерді ішінен, адамның ішкі әлемінен алуға тура келеді. Бұл біздің тұрақтылығымызды бұзады және пандемияның стресстік жағдайына төтеп беру үшін ресурсты төмендетеді. Сондықтан да бұл жерде адамның ішкі ресурстарына қуат беретін оның - отбасы. Отбасылық жылу мен қарым-қатынас үйлесімі кез келген стрессті жеңудің қуатты құралы болып табылады.

 

Жалпы алғанда, ата-аналардың алдында баласының эмоционалды жағдайын түсіну, онымен бірге болмаған уақыттарының орнын толтыру және жақсы қарым-қатынас орнату міндеті тұр.

 

Әдетте, көптеген студенттер басқа қалада тұрып, оқитындықтан, ата-аналар әрқашан балаларға деген сезімдерін жеткілікті түрде білдіре алмайды. Балалары қашықтан, үйде оқитын жағдайда, ата-аналарға салыстырмалы түрде ересектермен, балалармен, олардың жаңа қызығушылықтары туралы білуге ​​мүмкіндік беріледі. Сондықтан ортақ үй істері, бірлескен шай ішу, фильмдер мен телебағдарламаларды көру, әңгімелесу өте маңызды. Карантин жағдайынан шыққаннан кейін бала тәрбиесіндегі жіберген олқылықтарының орнын толтырып, баласының мүмкіндіктерін және одан не талап ете алатынын нақты білетін болады. Балалармен бірге қарым-қатынасты қолдау үшін өз туысқандарына, әжелеріне, аталарына қоңырау шалып, жақындарына қамқор болу өте маңызды. Әсіресе, қазір осы уақытта жылы сезім пайда болады. Карантин әлсіреп кеткен отбасының қарым-қатынас құндылығын нығайта алды.

 

Өкінішке орай, кейбір отбасыларда карантин және тәулік бойы бірге уақыт өткізу мүлдем басқа көрініске әкелді: мысалы, кейбір жұптар ажырасу туралы ойға келді. Бұл тек жас отбасыларда ғана емес, үлкен тәжірибесі бар отбасыларда да байқалады. Әрине, бұл отбасының барлық мүшелеріне, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің психикасына әсер етеді. Мұнда маман асықпауға, асығыс қадамдар жасамауға кеңес береді. Араларыңызда болған барлық жақсы істерді есіңізде сақтаңыз.

 

Карантин кезеңінде адамдар үйде жұмыс істеуге және кәсіби міндеттерін үйден орындауға мәжбүр болады. Алайда, егер өзіне назар аударуды талап ететін бала болса, оны жүзеге асыру оңай емес. Бұл жағдайда ерлі-зайыптыларға кеңес: біреуі жұмыс істесе, екіншісі баламен отыру керек және керісінше. Ауысым кестесін белгілеу керек. Жалпы, карантин - бұл барлық отбасы мүшелері үшін қарым-қатынас орнатуға және бір-бірін жақсырақ білуге ​​қосымша мүмкіндік. Олардың арасында эмпатия қалыптасады. Бұл сезімді күшейту керек. Үй иесінің кім екенін анықтау, кенеттен үй шаруасындағы мінсіз тәртіпті талап ете бастауы, отағасын ыдыс-аяқты жууға үйрету, ал отанасын тамақ жасауға үйрету сияқты әрекеттерден аулақ болған жөн. Тұрмыстық проблемалар тараптардың келісімі бойынша қысымсыз шешілуі керек.

 

Құрметті ата-аналар отбасылық психологиялық хал-ахулдарыңыз мықты болсын! Отбасы мүшелерінің ішкі ресурстарының тепе -теңдігін сақтау үшін бір-бірін келесі сөздермен қолдауға болады:

1. Менде А және Б жоспарлары бар.Екі жоспар да бақылауда.
2. Егер сіз тепе-теңдікті жоғалтсаңыз, өзіңізді айыптамаңыз - бұл қалыпты жағдай. Мен сенімен біргемін...
3. Барлығын бақылау мүмкін емес, маңыздысына назар аударыңыз.
4. Менің тарапымнан қандай көмек керек?
5. Жақсы бір әңгіме айтайықшы.
6. Балаларымыз біздің бақытымыз.