қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.04.2023

«Біз командамыз!» психологиялық тренингі

 

2023 жылғы 5 сәуірде Abai Student Center орталығында «Психологиялық қызмет» секторы психологтарының ұйымдастыруымен топтағы ұйымшылдықты арттыру мақсатында «Біз командамыз!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке Филология институтының студенттері белсене қатысты.

Тренингтің мақсаты - студенттер арасында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, топтағы ұйымшылдық дағдыларын нығайту, шешімді бірге ақылдасып қабылдау қабілетін дамыту, студенттердің ішкі әлеуетін ашу үшін қолайлы жағдайлар жасау және олардың жеке дамуын ынталандыру болды.

Топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында тренингті «Өзіңмен пикникке не аласың?» танысу жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде «Қарындаштар» және «Шеңбер бойымен» жаттығулары өткізілді. Жаттығулардың мақсаты әр түрлі жағдайда өзін-өзі басқара білу және ұйымшылдықты нығайту мен көшбасшылық қасиеттерді анықтау болып табылады.

 

Тренингке қатысушы студенттермен кері байланыс орнату мақсатында «Біздің гүлдер» жаттығуымен аяқталды. Жаттығу барысында қатысушылар тренингтен алған эмоцияларымен және өздерінің ұсыныстарымен бөлісті.

 

Сонымен қатар, тренинг соңында студенттерге психикалық жай-күйін қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізетін арнайы ұсыныстары бар флаерлер таратылды.

 

  alt=  

 

«Психологиялық қызмет» секторы