Main /
Mass media about us
28.03.2023 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ІІІ Республикалық өлкетану математикалық есептер бойынша балалар байқауы
Педагогика және психология институтының бастауыш білім беру кафедрасы бастауыш сынып оқушылары арасында үшінші жыл қатарынан байқау өткізіп келеді. Бұл байқауға бастауыш сынып математика курсының бағдарламасына сәйкес келетін және туған өлке өмірінің сан алуан қырларын көрсететін өлкетану материалы бар математикалық сюжетті есептер қабылданады.
Байқау төрт жас ерекшеліктер топтарында (1-4 сынып оқушылары) орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде қашықтан өткізілді. Байқауға 78 қатысушы қабылданды. Оның 55-і Алматы қаласынан, қалған қатысушылар Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарынан болды. Әр сынып бойынша жұмыстардың саны келесі ретпен бөлінді: бірінші сыныпта -17 жұмыс, екінші сыныпта - 10, үшінші сыныпта - 33, төртінші сыныпта - 17 жұмыс келіп түскен.
Қатысушылар «Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері», «Менің өлкемнің тарихы», «Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің халқымның ерлігі», «Менің өлкемнің географиясы», «Менің кіші Отанымның атақты тұлғалары» атты жеті номинация бойынша есептер құрастырған. Ең көп жұмыстар «Менің өлкемнің географиясы» және «Туған өлкемнің сәулет өнері» номинациялары бойынша ұсынылды.
Байқаудың қазылар алқасында бастауыш білім беру саласының мамандары болды. Қазылар алқасының құрамында тәжірибелі болып табылатын 12 ұстаздар бар. Қазылар алқасы нретінде ф.ғ.д., ҚазҰҚПУ мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының профессоры м.а. Лариса Агеева, «Білімкана-Алматы» ЖШС бастауыш сынып мұғалімдері: Ольга Олефир, Алла Козленко, Анастасия Цыбуля, Наталья Борисовна, Наталья Бросалина, Мария Алексеева, Елена Жаркова және Елена Усова; п.ғ.к, Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім кафедрасының профессоры м.а. Лариса Лебедева, сондай-ақ Алматы қаласындағы №185 мектеп мұғалімдері Мадина Сармаева мен Назира Ергеш қатысты.
Байқаудың қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті кәсіпқой сарапшылар мен бастауыш білім беру саласының майталмандары болып табылады. Байқау ұйымдастырушылық та, әдістемелік те жағынан жоғары деңгейде өтті.
|