қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
09.03.2023

Педагогикалық практиканың қорытынды есебі

 

2023 жылдың 6 наурызында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттерінің педагогикалық практика бойынша қорытынды есебі тыңдалды.

 

2023 жылғы 23 қаңтардан 18 ақпанға дейін 3 курс студенттері №30, №67, №105 және №169 бөбекжай-балабақшаларында педагогикалық практикадан өтті. Практика жетекшілері - профессор Исламия Халитова, доцент Алмагуль Айтпаева, философия докторы (PhD) Алтынай Жакупова, п.ғ.м. Дариға Азимбаева, кафедрадан жауапты практика жетекшісі Разия Каримова.


Қорытынды конференцияда студенттердің есебі талданып, олардың жұмыстарына әдіскерлер пікірлерін білдіріп, оң баға берді. Тапсырылған құжаттары бойынша пікірлер айтылды. Есепте белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың артықшылықтары мен қиындықтары, мектептердегі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің ұйымдастырылуы, оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес сараланған тапсырмаларды қолданудың нәтижесі, сабақ барысында диалог орнату және тиімді сұрақтар қою нәтижесі, бағалау тиімді болуы үшін жасалған қадамдар, одан арғы даму бағыттары көрсетілді. Студенттер теориялық білімді практикамен ұтымды үйлестіре алды, білім мен дағдылардың жоғары деңгейін көрсете алды.

 

Практиканың соңғы күні мектептерде педагогикалық кеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді.

 

  alt=  

 

  alt=