Main
News
01.03.2023 «Цифрлы оқулық - цифрлы білім берудің ажырамас бөлігі» семинары
2023 жылдың 27 ақпанында «Атамұра» корпорациясының мамандары Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» бағдарламасының бітіруші курс түлектеріне «Цифрлы оқулықтарды практикалық тұрғыдан қолдану» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - жас педагогтарға бастауыш мектепке арналған цифрлы оқулықтарды қолдану дағдыларын үйрету, яғни оқушыларды ынталандыру, ақпаратты визуализациялау, білім беру үдерісіне инновациялар енгізу, оқыту және бағалау.
Іс-шара барысында бітіруші курс түлектері Oqulyktar.kz білім беру платформасындағы «Атамұра» корпорациясының цифрлы оқулықтарымен танысты. Практикалық тұрғыда цифрлік оқулықтардың ішіндегі мәтін, инфографика, сурет, аудио және бейнематериалдар, кері байланыс, интерактивті тапсырмалар түріндегі оқу материалдармен түлектер жұмыс жасап көрді.
|