Main
News
21.02.2023 Балаларға қамқорлық - ізгі ниет
2023 жылдың 20 ақпанында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Қансейітова Элеонораның бастамасымен Рая Оразова, Себдайырова Айгерім, Икрамова Айгерім т.б. оқытушылар 4-курс студенттерімен бірге Алматы қаласындағы «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» мекемесінде болып, «Балапан» және «Балдырған» топтарында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып өткізіп қайтты. Іс-шара барысында жалданған аниматорлар көңілді ойындар өткізіп, музыкалық номерлер көрсетіп, балаларға жақсы әсер қалдырды. Ұстаздар мен студенттердің шын ниеттерімен әкелген тәтті-дәмділері де балалардың көңілінен шықты. Арнайы берілген сый-сияпаттарға да риза болып, алғыстарын айтып жатты. Балаларға күнделікті керекті паста, сабын, орамалдан бастап, әр балаға шұлықтар, басқа да керек-жарақтары берілді.
Мекеме басшылығы мен тәрбиешілері де риза көңілдерін айтып, алғыспен шығарып салды. Алдағы уақытта да қайырымдылық іс-шаралары кафедрада жалғасын табатынын болады.
|