Main
News
17.02.2023 Қазақстан университеттері Times Higher Education халықаралық рейтингінің басты назарында
16 ақпанда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін «Қазақстан басты назарда - Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингі» мастер-класы өтті, онда cтратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор А. Т. Құлсариева бастаған Абай университетінің қызметкерлер тобы қатысты.
Мастер-класс 30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған ҚБТУ базасындағы Тәуелсіздік залында өтті. Жиналғандарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық рейтингтерге қатысу жоғары білім беру саласындағы жалпы ахуалды бағамдау, әлемдік трендтерді қадағалау, жоғары оқу орындарының ағымдағы жағдайын және одан әрі қозғалыс бағытын анықтау үшін маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара аясында келесі мәселелер қаралды: THE WUR жаһандық рейтингінің жаңартылған критерийлері, ҚР жоғары оқу орындарының THE Impact-тегі жағдайы, сондай-ақ The-Dashboard Government платформасы негізінде университеттердің ұлттық рейтингін құру жөніндегі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасы.
THE WUR әдіснамасының ерекшеліктері THE Жаһандық байланыстар жөніндегі директоры Фил Батидің баяндамасында көрсетілді. Атап айтқанда, ол THE WUR жаһандық рейтингінің индикаторлары бойынша бағалау салмақтардың өзгергенін атап өтті, бұл ретте «Зерттеуге» дәстүрлі түрде назар күшейе түсті. Сонымен, пайыздық үлес келесі негізгі критерийлер бойынша бөлінеді: - RESEARCH/ Зерттеу - 30%. - TEACHING/ Білім беру - 30%. - INTERNATIONAL OUT LOOK/ Халықаралық өзара байланыс, таланттарды тарту - 7,5%.
Осылайша, университеттің зерттеу саласын бағалау жалпы санның 67,5% құрайды.
Екінші сұрақ бойынша THE аймақтық директоры Лачин Италмазова сөз сөйледі. The Impact Зерттеуді бағалаудың тағы бір әдістемесінде ТДМ-мен байланысты мақалалардың ауысуы мен жүктелу саны ескеріледі. Айта кетейік, THE Impact рейтингінде Абай атындағы ҚазҰПУ ҚР бойынша 601-800 позициясымен бірінші орынды иеленеді. Сондай-ақ, Л.Италмазова талқылау барысында THE WUR рейтингіндегі «Репортер» мәртебесіне қатысты түсініктеме берді. Рейтингтік тізімге ену және REPORTER мәртебесінен шығу үшін SCOPUS ДБ арқылы индекстелген жарияланым белсенділігі мен дәйексөздер соңғы 5 жылда кемінде 1000 басылымды, ал соңғы 3 жылда кемінде 150 басылымды құрауы тиіс.
Үшінші сұрақ бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бастама көтеріп, ҚР жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін құру бойынша пилоттық жобаны қолға алды. Бұл рейтинг THE индикаторлары негізінде THE - Dashboard Government платформасында әзірленетін болады. Бүгінгі таңда осы сала бойынша БАӘ, Өзбекстан мен THE арасында ынтымақтық орнағанын айта кеткен жөн. ҚР жоғары оқу орындары жақын арада пилоттық жоба аясында порталға нақты деректерді енгізуі керек. Бұл деректерді THE аналитикалық тобы талдап, ҚР жоғары оқу орындарының толық бейнесін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынады.
Стратегия департаменті |