қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.02.2023

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы негізгі нормативтік құжаттар және университеттің академиялық саясаты

 

2023 жылғы 13-15 қаңтар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да өзара тәжірибе алмасу мақсатында институттар директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері арасында семинар ұйымдастырылды.


Семинардың мақсаты - университеттің академиялық саясатын тиімді жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмысын оңтайлы дамытуға жәрдемдесу.


Іс-шара барысында академиялық мәселелер бойынша проректор Гүлжан Жарасова қатысушыларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құжаттармен және LLL тұжырымдамасымен таныстырып өтті.


Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың жүктемесін жоспарлау, білім беру траекториясын таңдау, практиканы ұйымдастыру және өту, ЖАОК қолдану арқылы білім беру процесін ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.


Білім беру бағдарламасын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина институттардың академиялық комитеттерінің жұмысын жүзеге асыру ерекшеліктерін және білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының сапасын арттыру жөніндегі талаптарды түсіндірді.


Семинар барысында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сұрақтар қойып, берілген бағыттар бойынша жұмысты жақсарту бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=