Main /
Mass media about us
14.02.2023 РhD дәрежесін алу үшін К.Б. Ажмолдаеваның диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «8D015 -Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау» (6D011300/ 8D01513 - Биология) және «8D051 - Биология және сабақтас ғылымдар» (6D060700 / 8D05101 - Биология) бағыттары бойынша философия докторы (РhD) бағыттары бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңесте «6D011300 - Биология» мамандығы бойынша ізденуші Ажмолдаева Клара Байжигитовнаның «Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Ибадуллаева Салтанат Жарылкасыновна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., Қазақстан). Чилдибаев Жұмаділ Байділдаұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Тавстуха Ольга Григорьевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (Орынбор қ., Ресей Федерациясы).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Мамурова Әсем Тлеужановна - биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Длимбетова Гайни Карекеевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ УАҚЫТША МҮШЕЛЕРІ: Станкевич Петр Владимирович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы). Құрманбаева Меруерт Сакеновна - биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Саметова Эльмира Сайлауханова - биология ғылымдарының кандидаты, Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматы қ., Қазақстан). Батаева Дариға Серікқызы - философия докторы (PhD), Қазақ ұлттык қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2023 жылы 14 наурызда сағат 11.00 - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтеді.
YouTube: https://www.youtube.com/@abaiuniversity8915/featured
|