қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.02.2023

Абай университетінің профессор-зерттеушілері аттестатталды

 

2023 жылдың 8 ақпанында университеттің ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаевтың төрағалығымен 2022 жылғы ақпанда қабылданған профессор-зерттеушілерді аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.


Отырыста профессор-зерттеушілер М.Қ. Қойгелдиев, А.Е. Берикханова, З.А. Мовкебаева, Н.Б. Жиенбаева, Г.К. Көкебаеваның ғылыми жетістіктері қаралып, бағаланды. Айта кету керек, Абай атындағы ҚазҰПУ республикада профессорлық-зерттеу бағдарламасын енгізген алғашқы жоғары оқу орны болып табылады. Директор Ұлжарқын Әбдіғапбарованың басшылығымен Ғылым департаменті мұқият қадағалайтын осы пилоттық бағдарламаның дұрыстығы мен маңыздылығын қол жеткізген нәтижелер растайды. Атап айтқанда, психология ғылымдарының докторы Н.Б. Жиенбаева 2022 жылы Scopus базасында индекстелетін 1-2 квартиль басылымдарында 5 мақала жариялады. Профессор-зерттеушілер М.Қ. Қойгелдиев, А.Е. Берикханова, Г.К. Көкебаева ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларының жетекшілері, ал профессор З.А. Мовкебаева ҚР ҒЖБМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша инклюзивті білім беру саласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жобасының тең жетекшісі болып табылады.


Профессор А.Е. Берикханованың халықаралық жобаларға қатысуы мақтан тұтарлық. Яғни, ол қазақстандық тараптан «The reform of teacher education in the post-Soviet space: a comparative analysis of 15 independent countries» (Routledge, Оксфорд университеті, Ұлыбритания) жобасын басқарады, сондай-ақ Германияның Люнебург университетімен бірлесіп «Leading Schools for Educational Innovation and Change - Kazakhstan» жобасының; Еуропалық Одақтың Эрасмус+ КазДуал «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасының қатысушысы болып табылады.


Профессор-зерттеушілер ірі тарихи зерттеулер жүргізді. Көрнекті қазақстандық тарихшы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі М.Қ. Қойгелдиев ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі бола отырып, мұрағат құжаттары бойынша көптеген қорытындылар жасады, Мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жарияланған кітапқа, сондай-ақ 1920-1930 жылдардағы Алаш ісі жөніндегі монографияға материалдарын ұсынды және олардың жауапты редакторы болды. Тарих ғылымдарының докторы Г.К. Көкебаева ХХ ғасырдың 1-жартысындағы Қазақстандағы көші-қон процестерінің тарихы бойынша жаңа мұрағаттық құжаттар мен дереккөздерді ғылыми айналымға енгізді.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу университеті ретіндегі имиджін қалыптастыруына, сондай-ақ университеттің жоғары оқу орындарының халықаралық және отандық рейтингтерінде ілгерілеуіне айтарлықтай ықпал еткен профессор-зерттеушілердің ғылымдағы жоғары көрсеткіштерін бағалай отырып, Комиссия бірауыздан аттестаттады.


Жаңа жоғары ғылыми жетістіктерге жетеді деген үмітпен профессор-зерттеушілерге табыс пен шығармашылық өсу тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=