қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.02.2023

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

 

2023 жылдың 31 қаңтарында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында «A-clinic» дәрігері Мағжан Нұртаев және №1 қалалық емхана медбикесі Ақмарал Әбдіқасым университетіміздің дәрігерлерімен бірге жеті институт студенттеріне семинар жүргізді. Семинар барысында дәрігерлер ЖРВИ мен тұмау инфекцияларының ерекшеліктері туралы толық ақпарат беріп өтті.


Студенттер семинарда ЖРВИ мен тұмау туралы ақпараттармен, инфекцияның таралуын болдырмаудың алдын алу шараларымен танысып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша білімдерін жетілдірді.


Дәріс соңында дәрігер студенттерге ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында кітапшалар берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент