қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
27.12.2022

Қазіргі педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары


2022 жылғы 23 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор, академик Қ. К. Жампейісованың 70 жылдығына арналған «Заманауи педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Пленарлық отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов құттықтау сөз сөйлеп, профессор Қ.К. Жампейісованың педагогикалық білім мен педагогикалық практиканы дамытудағы еңбегін атап өтті.


Сондай-ақ, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Г.С. Жарасова, университеттің стратегия, цифрландыру және интернационалдыру жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариева, зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.А. Бөрібаев, Педагогика және психология институтының директоры Г.А. Абаева құттықтау сөз сөйледі.


ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының басқарма төрағасы, профессор А.А. Әбішев қызықты баяндама жасап, заманауи жоғары білім беруді трансформациялаудың теориялық-кономикалық алғышарттары туралы баяндады. Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ профессоры Г.К. Нұрғалиева, профессор Ж.Ы. Намазбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі К.Д. Бұзаубақова, Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Р.К. Төлеубекова, Педагогика ғылымдары академиясының президенті А.Қ. Құсаинов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С. Алғожаева мазмұнды баяндамаларын оқып, құттықтауларын айтты.


Онлайн-конференцияға 50-ден астам адам қатысты, олардың арасында МАНПО президенті Е.И.Артамонова, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі Ю. Б. Дроботенко, Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінің педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, Беларусь Республикасы Ғылым академиясының академигі В.П. Тарантей, Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының доценті У.Ж. Йулдошев құттықтау сөз сөйледі.


Конференция қорытындысы бойынша жүзден астам ғылыми мақалалар жарияланған мақалалар жинағы жарық көрді, олардың арасында Ресей, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан ғалымдарының мақалалары бар.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=