қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.11.2022

Мәскеу қалалық педагогикалық университеті профессорының онлайн-дәрістері


Білім берудің цифрлық трансформациясы және электрондық білім беру ресурстарын педагогикалық тәжірибеге қарқынды ендіру жағдайында заманауи электрондық оқу құралдарын жобалау өзекті мәселе болып отыр.


2022 жылғы 26 қарашада Педагогика және психология институтында цифрлық контентті әзірлеудің түрлері мен технологияларына арналған онлайн-дәрістер өтті. Дәріске қатысқан тыңдаушыларды аталмыш мәселемен МҚПУ профессоры Марина Романова (Ресей) таныстырды. Кездесу барысында ол оқу мотивациясының құпиясын және бір сарынды тапсырмаларды қызықты және шығармашылық оқиғаларға айналдыру технологиясын ашып берді.


Дәріске 90-ға жуық тыңдаушы қатысты. Оған Педагогика және психология институты барлық мамандықтарының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ Мәскеу қалалық педагогикалық университеті мен Оңтүстік Сахалин университетінің өкілдері де қосылды.


Бастауыш білім беру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы М.А.Романовамен тығыз жұмыс жасайды. Дәріс қорытындысы бойынша кафедра үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған Халықаралық педагогикалық ынтымақтастықтың кезекті кездесуінде цифрлық контент әзірлеу мәселесі бойынша әңгімені жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

  alt=  

 

  alt=