қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
21.11.2022

Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 77-ші ғылыми конференциясы

 

2022 жылдың 16-17 қараша күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 77-ші конференциясы өткізілді. Конференцияға «Биология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 1-4 курс студенттері мен 1-2 курс магистранттары белсене қатысты.


Студенттер мен магистранттардың 77 ғылыми конференциясының басты мақсаты - білім алушылардың болашақ кәсіби саласындағы және ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге қатыстыра отырып, олардың ғылыми зерттеулерге, талдамалық және сыни ойлай алу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Сондай - ақ, дарынды студенттер мен магистранттардың анықтап, олардың шығармашылық жолына бағыт - бағдар беру.


Бағдарлама бойынша конференция «Жалпы биология», «Биологияны оқыту әдістемесі», «Биология ғылымы мен білім берудің қазіргі жағдайы» тақырыптары бойынша секцияларға бөлінді.


«Жалпы биология» секциясында студенттер физиология, зоология, ботаника салаларындағы өзекті тақырыптар қозғалды. Секцияның төрайымы PhD, аға оқытушы Бекетова Айгүл, хатшысы - магистр, оқытушы Сейдехан Меруерт болды. Аталған секция бойынша үздік деп танылған баяндамалар - «Жамбыл облысындағы балаларда кездесетін даун ауруы» (Тасқұл Дариға, І - орын), «Ұлттық тағамдардың химиялық құрамы, қоректік және биологиялық құндылығы» (Оразхан Аружан, Жарикова Жұлдызай, Әлдибаева Аяулым ІІ - орын), «Батыс Қазақстан аймағындағы кездесетін қант диабеті ауруы» (Бекше Ақерке, ІІ - орын), «Хромосомалық аурулардың қазіргі кезде таралуына әсер ететін факторлар» (Дүйсенбек Алина, ІІІ - орын), «Анализ морфологических особенностей представителей порядка Лилейные» (Бекжан Асылым, ІІІ - орын), «Профилактика женского алкоголизма среди лиц молодого возраста» (Хайржанова Дана, ІІІ - орын). Сондай - ақ, Сагимбаева Карина, Қамбар Гаухар, Асанова Рыскүл, Тупбаева Қаракөзайым, Токтарбек Медина алғыс хатпен марапатталды.


«Биологияны оқыту әдістемесі» секциясында баяндамашылар қазіргі таңдағы заманауи педагогикалық ақпараттық технологияларды сабақ барысында қолдану арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру жолдарын қарастырды. Секция төрайымы - оқытушы Секерова Толғанай, хатшысы - оқытушы Жарылқасынова Жазира болды. Комиссия мүшелерінің және секция төрайымының шешімімен жүлделі орынға ие болған студенттер - «Биология пәнін оқытудың тиімді тәсілдері» (Көбен Эльвира, І - орын), «Биология сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану» (Жанатай Назым, ІІ - орын), «Методика подготовки СОР по биологии в 7 классе» (Гельд Виктория, ІІ - орын), «Балалардың мектептегі психологиялық дайындығы» (Оңғарбай Таңшолпан, Шанияр Сымбат, Қайржанова Гульдана, ІІІ - орын), «Биология сабағында топтық жұмыс арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыру» (Бисенгалиев Рахат, ІІІ - орын), «Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы» (Ахилбекова Мадина, ІІІ - орын).


Сондай - ақ, баяндамасымен ерекше көзге түскен студенттер алғыс хатпен марапатталды. Олар: Әсет Айнұр, Куантаева Бибатима, Айтпай Назерке, Абидмуталипова Асель, Есен Шахерезада.


«Биология ғылымы мен білім берудің қазіргі жағдайы» секциясында магистранттар бүгінгі таңдағы білім мен ғылымдағы жаңалықтар мен өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды. Секция төрайымы PhD, оқытушы Ғалымбек Қанат, хатшысы - магистр, оқытушы Төлеген Алтынай болды.


Секция бойынша үздік деп танылған баяндамалар - «Биология сабақтарында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру» (Советқанова Мадина, І орын), «Биология сабағында қолданылатын тиімді ақпараттық ресурстар» (Оразбек Айбар, ІІ орын), «Биология сабағында білім алушылардың экологиялық мәдениетін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлі» (Бекет Бибінұр, ІІ орын), «Мектеп жылы жайында көкөніс өсімдіктерін өсіру және оны биологияны оқыту үрдісінде қолдану» (Шакерханова Мадина, ІІІ орын), «Биолог студенттерді даярлауда экологиялық мәдениетті қалыптастыру қоғамның тұрақты даму кепілі» (Рзабек Перизат, ІІІ орын), «Мұғалімдерді даярлауда жобалық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы» (Скендирова Маншук, ІІІ орын).


Қорытындылай келе, студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 77 -ші конференциясы көздеген мақсатына толықтай жетті. Ғылым мен білімнің жаңа жетістіктеріне қызығушылық танытатын білім алушыларға шығармашылық жолында үлкен жетістіктер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=