қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.11.2022

Мектеп мұғалімдерімен бірлескен ғылыми-әдістемелік семинар өтті

 

2022 жылдың 16 қарашасында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ әдебиетін оқыту: тарихы, бүгіні, болашағы» (ЖТН AP15473235) 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық жобасы аясында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиеті пәнінің оқытылу жай-күйі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар модераторы постдокторант, жоба жетекшісі, PhD Жаңагүл Саметова.


Ғылыми-әдістемелік семинарға Филология институтының оқытушылары, ғалым-әдіскерлері, Алматы қаласындағы қазақ тілінде оқытпайтын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағдарламасының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.


Семинарға қатысушылар қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізу үдерісі, оқыту мәселелері мен әдістері туралы тақырыпта сөз қозғады. Семинарда баяндама жасаған мектеп мұғалімдері және филология ғылымдарының докторы, профессор Әбішева Сәуле, әдіскер ғалымдар Рауандина Айтжамал, Бораш Рыскүл білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында мектеп педагогтарына университеттің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=