қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.11.2022

Ағылшын тілінің айтылым сайысы

 

2022 жылғы 4 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «Аударма ісі» мамандығы оқытушыларының және Гиресун университетінің ағылшын тілі мен әдебиеті кафедрасының (Түркия) ұйымдастыруымен «ENGLISH PRONUNCIATION CONTEST» сайысы өтті. Бұл сайысқа «6В02302-Аударма ісі» мамандығының 32 студенті қатысты.


Іс-шараны салтанатты түрде Филология институтының директоры А.В. Таңжарықова, профессор В.Ашкароглу (Гиресун Университеті) және шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Қонқабаева ашты.


Конкурстың үш кезеңінің қорытындысы бойынша мақтау грамоталары тапсырылған жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын-Беляшова Дарья; II-Тиржанова Алина; III орын-Нұрмұханова Дана. Жүлделі орындарға ие болған студенттерге грамоталар табысталды.


Іс-шара соңында студенттер байқаудан алған жағымды әсерлерімен бөлісті. Қазылар алқасының мүшелері осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін шығыс филология және аударма кафедрасының оқытушылары Н.Р.Шенгелбаева, У.Ислямова, А.З.Мухитов, А.Икрамова, А.М.Себдайыроваға алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=