қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.11.2022

«Цифрлық мектеп» эксперимент алаңы


2022 жылдың 4 қараша күні Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып, Ғани Мұратбаев атындағы гимназияда «Білім сапасын қамтамасыз етуде мектеп жұмысын цифрлық трансформациялаудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы гимназияның эксперименттік жобасын талқылау мақсатында «Цифрлық мектеп: мүмкіндіктері мен жетістіктері» әдістемелік семинары өтті.


Әдістемелік семинарға Жамбыл облысы білім басқармасының өкілдері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Ошанова Н.Т., мектеп ұжымы қатысты. Әдістемелік-семинар барысында білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы мектеп жұмысының тиімділігін арттыру мүмкіндіктері таныстырылып, жобаны жүзеге асыру кезеңдері айқындалды.


2022-2027 жылдар аралығында жүргізілетін жобада Ғани Мұратбаев атындағы гимназия цифрлық мектепке көшудің эксперимент алаңы. Ал, бұл алаңға жетекшілік ететін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы.


Жаңа бастамаға толағай табыстар тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=   

 

    alt=