«Елім деп соғар жүрегім»: Республика күніне орай тәлімдік-тәрбиелік іс-шара
2022 жылдың 22 қазанында Тарих және құқық институты студенттерінің атсалысуымен «Елім деп соғар жүрегім» тақырыбында тәлімдік-тәрбиелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының студенттері мен эдвайзерлері қатысты.
Кафедра студенттері және «Аманат жастар рухы» бірігіп қалалық деңгейде Республика күніне ашық аспан астында үлкен концерт ұйымдастырып, университет оқытушылары мен студенттерін мерекемен құттықтады.