Main
News
12.10.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ-да ДААД шеңберіндегі халықаралық конференция
2022 жылдың 11 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да ДААД қаржыландыратын «Pedagogical Professionalism and Internationalisation - Dialogue with the Post-Soviet Islamic Education Space» халықаралық жобасы шеңберінде «Dual Models of Training of Future Pedagogical Professionals in the International Educational Space: Problems, Solutions and Prospects» тақырыбында халықаралық конференция басталды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Дархан Біләлов конференцияға қатысушыларды құттықтап, конференция тақырыбының маңыздылығын айқындап, халықаралық жоба және оны іске асыру аспектілері туралы айтып берді. Сондай-ақ, ректор Абай атындағы ҚазҰПУ, FAU және ASPU университеттері арасындағы халықаралық қатынастардың сақталуына сенім білдіріп, конференция қатысушыларына қызықты әрі нәтижелі жұмыс тіледі.
Пленарлық сессияда Anatoli Rakhkochkine (FAU), Ulviyya Hajiyeva (ASPU) және Ұлжарқын Әбдіғапбарова (Абай атындағы ҚазҰПУ) жобаларының үйлестірушілері баяндама жасады. Профессорлар өз зерттеулерімен және халықаралық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Жоба тобының жетекшісі, профессор Anatoli Rakhkochkine «Internationalization of education in the network Nuremberg Metropolitan Region» тақырыбында өз жобасын ұсынды, онда білім берудегі қала мектептерінде интернационалдандыру қарастырылды. Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан жоба үйлестірушісі Ұлжарқын Әбдіғапбарова өзінің республикалық ғылыми жобасымен, мұғалімдерге арналған дуальді-бағдарланған оқытуға арналған ғылыми мектебімен және оның нәтижелерімен таныстырды.
Түстен кейін профессор А.Rakhkochkine және PhD докторы Cая Байсұлтанованың модераторлығымен «Social and pedagogical practice of implementing models of implementing in vocational and higher education in Kazakhstan, Germany, and Azerbaijan» тақырыбында халықаралық конференцияның бірінші панелі өтті . KazDUAL халықаралық жобасының қатысушылары Баян Сапарғалиева, Асел Акпаева және Айман Берікханова өз жобаларының мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін онлайн баяндамаларында ұсынды. Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің Nazakat Aliyarova, Mirvari Gasimova, Gulnar Mirhuseynova Әзірбайжандағы дуальды білім туралы айтты. Тақырып конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Абай атындағы ҚазҰПУ-нен Артем Носко, Лаура Нұртаева, Арайлым Дүсіпқызы, Айгүл Бибатчаева және Мадина Молдағали дуалды оқыту саласындағы өз зерттеулерін ұсынды және дуальды практикадан өту тәжірибесімен бөлісті.
2022 жылы 12 қазанда конференцияның жалғасы болады, онда практика кезінде педагогикалық және психологиялық көмек және педагогикадағы инновациялық әдістер туралы мәселелер талқыланады.
|