Main
News
03.10.2022 Халықаралық өзбек-қазақстандық ғылыми-тәжірибелік форум
2022 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Қазіргі Өзбекстан және Қазақстан құқығы: жағдайы, ерекшеліктері және даму болашағы» тақырыбында халықаралық Өзбек-Қазақстан ғылыми-тәжірибелік форумы өтті. Іс-шара Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасымен бірлесіп өткізілді.
Конституциялық реформаларды іске асыруға, заңнамалық қызметті жүзеге асыруға, цифрландырудың құқықтық мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның құқықтық жүйелерін дамытудың басқа да аспектілеріне байланысты мәселелер талқыланды.
|