қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
08.09.2022

Профессор А.К.Киклевичтің лингвистикалық марафоны жалғасуда

 

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Филология интитутына шетелдік профессор А.К. Киклевич қазіргі тіл білімінің белсенді мәселелері бойынша лекциялар курсын оқи бастады.

 

6-7 қыркүйекте ол «Прагмалингвистиканың көкейтесті мәселелері. Прагматика және семантика» тақырыбында дәрістер оқыды.

 

Оқу аясында тыңдаушылар тілдің прагматикалық аспектісін жүзеге асыру бағыттары, тілдік мінез-құлық және т.б. туралы көптеген мағлұмат алды.

 

Сабақтарға «Орыс тілі мен әдебиеті», «Филология» және «Тіл білімі» мамандықтарының студенттері, кафедра мүшелері, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындардан келген әріптестер қатысты.

 

Тақырып өзекті, түсіндіруі түсінікті болды, мысалдар өмірден келтірілді, сондықтан профессордың дәрістеріне тыңдаушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Мұны тыңдаушылардың дәрісті залда талқылағандағы белсенділігі, кафедрадағы әріптестермен әңгімелесу кезіндегі кері байланысы дәлелдейді.

 

Тыңдаушылардың қазіргі әлемдегі тілдің функциялары туралы көптеген қызықты нәрселерді білуге әлі де мүмкіншілігі бар, өйткені профессор А.К.Киклевичтің Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі лингвистикалық марафоны жалғасуда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=