қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.09.2022

Кәсіби шеберлікті дамыту жолында

 

2022 жылғы 1 қыркүйекте 3 курста педагогикалық практика басталды, оның аясында 5 қыркүйек күні Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған нұсқаулық конференция өткізілді. 2022-23 оқу жылында педагогикалық практика жаңа форматта өтеді және теориялық оқытудан қол үзіп, екі семестрге бөлінеді. Сондай-ақ, биылғы жылы бекітілген практиканттардың санын азайту жағына қарай әдіскерлер штаты ұлғайтылды. Бұл шаралар педагогикалық практиканың сапасын арттыруға бағытталған.


Конференция барысында студент-практиканттар практиканың мақсаты мен міндеттерімен таныстырылып, әдіскерлер бекітілді. Кездесу барысында кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева педагогикалық практика педагогты қалыптастыру жолындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Нұсқаулық конференциядан кейін әдіскерлер практиканттармен бірге бекітілген мектептерге барып қайтты.

 

  alt=  

 

  alt=