қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.06.2022

РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ

«Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді күшейту» тақырыбындағы мәжілісі

 

2022 жылдың 16 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқару топтарының мәжілісі өтті. Мәжіліс «Педагогтардың білім беру әлеуетін күшейту» жобасында әзірленген білім беру бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыруға арналып ұйымдастырылды.


Мәжіліске онлайн режимде Қазақстанның жоғары оқу орындары өкілдері қатысты.


Мәжілісте келесі тақырыптар қарастырылды: бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын талқылау, болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастырудың жаңа форматы, білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі құзіреттілік тәсілдер мен қағидалары, сонымен қатар оқулықтар мен оқу құралдарын РОӘК ОӘБ грифтеріне ұсыну мәселелері қарастырылды.


Мәжілісті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов жүргізді.


Мәжілісте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен: білім беру бағдарламасын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина, тех.ғ.к., доцент Шерипидин Хамраев, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұржамал Ошанова, аға оқытушы Дилара Нұрбаева, доцент, п.ғ.к. Шолпан Карбаева, п.ғ.к., доцент Ғалия Абаева, қауымдастырылған профессор м.а. PhD Зоя Рабилова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен білім беру бағдарламалары бойынша жобалық кеңсенің жетекшісі Бибігүл Джангазиева, Павлодар педагогикалық университетінен х.ғ.к., доцент Роза Мұқанова және PhD, аға оқытушы Жанар Сагитова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен психол.ғ.к., профессор Светлана Стельмах, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінен PhD, доцент Роза Калимжанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен академиялық қызмет бойынша проректор Еркын Жуманкулова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен т.ғ.д., профессор Гүлбану Избасарова баяндамалар жасады.


Мәжіліске қатысушылар бакалавриат және магистратураның жаңа білім беру бағдарламалары бойынша баяндамалар тыңдады.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=