қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
02.06.2022

Асфальт-бетон зауытына танымдық экскурсия

 

2022 жылдың 1 маусым Жаратылыстану және география институты 2021/2022 жылдың Академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу-өндірістік практиканы өткізді. «6В05301 - Химия» мамандығының 2 курс студенттері оқу практикасы аясында Алматы қаласының Асфальт-бетон зауытына танымдық экскурсия жасады.

 

Студенттерді зауытқа барлық техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып кіргізді. Асфальт-бетон зауыт қызметкерлері асфальт жабынын салу және жөндеу кезінде пайдаланылатын асфальт-бетон және битум-минералды қоспаларды дайындауға арналған өндірістік кәсіпорын екенін айтып, оның маңыздылығымен таныстырып өтті.

 

Асфальт-бетон зауытында мынадай технологиялық операциялар жүзеге асырылады: асфальтбетон қоспасын дайындауға арналған материалдарды қабылдау және сақтау; қиыршықтас пен құмды ұсақтау және сұрыптау; материалдарды мөлшерлеу және минералды материалдар үшін қыздыру және кептіру; дайын өнімді қоймалау, сақтау және жөнелту.

 

Экскурсияда студенттер бірнеше топтарға бөлініп, зауыттың көптеген қондырғыларымен танысып, олардың жұмыс істеу процессін көрді.

 

Бүгінгі күнгі экскурсия болашақ жас ғалымдар үшін тағы бір ерекше күн болғаны анық. Қондырғыларды жақыннан көріп, олармен танысу оқу-өндірістік практиканың студенттерге ұсынған үлкен мүмкіншіліктерінің бірі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=