қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.05.2022

«Shanyraq CUP-2022» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

 

2022 жылдың 7-8 мамырында университеттің Даму стратегиясы бойынша 1-4 курс білім алушы студенттер мен магистранттарға арналған 2002 жылы құрылған «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының 20 жылдық мерейлі датасына орай, «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру: әлемдік мәдениет пен білімге қадам» тақырыбында түлектер мен студенттердің «Shanyraq CUP-2022» пікірсайыс турнирі өтті.

 

Турнир Ережесіне сәйкес, интеллектуалды пікірсайыс алдын ала дайындалған арнайы тақырыптарда, студенттік Американдық-парламенттік формат пен Линкольн-Дуглас форматтарында институттар мен түлектердің 47 жуық құрама командасы, 30 жуық мектеп оқушысы және басқа да жоғарғы оқу орындарының 47 төрешінің қатысуымен, барлығы 150-ден астам турнир қонақтары мен қатысушысы бар көлемде жүрді.

 

Турнирдің нәтижесі бойынша, жарыстың «Үздік фракция» номинациясын - «Жасыл» фракциясы Филология институтының магистранты Темірғалиқызы Айжан, Тарих және құқық институтының 3 курс студенті Абдығалиев Руслан; «Үздік төреші» номинациясын Қыздар ұлттық педагогикалық университеті, «Парасатты НЛО» клубының экс-координаторы Жарқынбек Назым; жарыстың «Үздік талпынысы» номинациясын «Аспан шегі» фракциясынан Тарих және құқық институтының студенті Абдикарим Елжан мен Шоқан Уәлиханов атындағы 12 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Тайтанова Диана; «Атамекен жанашыры» номинациясын Шоқан Уәлиханов атындағы 12 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Нұрлан Сұлтан; «Үздік кейс» номинациясын «Метеорит» фракциясынан Тарих және құқық институтының студенті Дүйсенбаев Дастанбек және Шоқан Уәлиханов атындағы 12 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Смагулова Арайлым; «Үздік ұйымдастырушы» номинациясын Филология институтының 3 курс студенті Рахматуллаева Айдын; «Үздік стиль» номинациясын Тарих және құқық институтының 4 курс студенті Сейсенхан Айгерім; «Үздік интеллект иесі» номинациясын Филология институтының 2 курс студенті Айтқожа Ырысты; «Ең үздік спикер» номинациясын Тарих және құқық институтының 4 курс студенті Нұртаев Дінмұхамед, «Үздік спикер» номинациясын Филология институтының 3 курс студенті Нұрсапа Айым иеленді.

 

Жарыс бойы жоғары көрсеткіштермен тәжірибе көрсеткен «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының түлегі Байтуреев Болат пен Филология институтының 3 курс студенті Өмірзақ Гүлназымнан құралған «Форс Мажор» фракциясы III орынды қанжығаларына байлады.

 

Ал ақтық сайысқа шығып, тартысты ойын көрсете білген №12 мектептің 9-сынып оқушысы Болатов Мерей мен Тарих және құқық институты 1 курс студенті Келдібек Анарадан құралған «Сиддхардха» фракциясы II орын иегерлері атанды.

 

І орынды «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының түлегі Қызырхан Шыңғар мен Педагогика және психология институтының 3 курс студенті Зинадин Айгерімнен құралған «Чисто по кайфу» тобы иеленді.

 

Турнирдің сыйлық қоры «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубы түлектерінің демеушіліктерінің есебінен жүзеге асырылды. Салтанатты марапаттау рәсімінде барлық жүлдегерлерге университет басшылығының Дипломы және арнайы кубоктары табысталды. Турнирдің мерейлі шарасын құттықтауға еліміздің танымал өнер жұлдыздары мен «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының әр жылғы үздік түлектері келіп өздерінің ыстық тілектерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=