қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
27.04.2022

Дуальді оқыту қағидаттарын қолдана отырып, «Бұлтты технологиялар» пәні бойынша сабақтар циклі

 

2022 жылдың 19-26 сәуір аралығында Математика, физика және информатика институты информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры м.а. С. Н. Конева, Абай атындағы ҚазҰПУ -дың желілік технологиялар және желілік әкімшілендіру бөлімінің бастығы А.П. Добровольский, Біліктілікті арттыру және қашықтынтан білім беру орталығы жетекшісінің м.а  Д.Е.Бидайбеков, «6B06102-Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенттеріне «Бұлтты технологиялар» пәні бойынша сабақтар циклін өткізді.


Аталған циклге «Жеке бұлттарды өрістету технологиялары» тақырыбына дәріс-экскурсия, «LMS Moodle өрістету» практикалық сабақтары жүргізілді. Оқу іс-шарасына кафедраның докторанттары Г.Ғазиз және К.Беделов қатысты, олардың зерттеу тақырыптары желілік технологиялармен байланысты: серверлік операциялық жүйелер, бұлтты технологиялар.


Мұндай сабақтарды ұйымдастыру дуальды оқыту принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, студенттерге іс жүзінде нақты желілік технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Сабақтарды өткізу тәжірибесі «Компьютерлік желілер», «Есептеу жүйелері, желілер және телекоммуникациялар», «Web-технологиялар», «Бұлтты технологиялар», «Операциялық жүйелер», «Компьютерлік желілерді әкімшілендіру», «Web-бағдарламалау негіздері», «Компьютерлік желілер, Интернет және мультимедиа» сияқты пәндер үшін пайдалы болып табылатын технологиялар.


Алынған фото және бейне-материалдар, ZOOM-дағы сабақтардың бейне-жазбасы студенттер мен магистранттарды онлайн режимінде де, офлайн режимінде де, сондай-ақ аралас оқыту жағдайында оқытуды ұйымдастыру үшін қосымша көрнекі оқу материалдарын алуға мүмкіндік береді.