қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.04.2022

Студенттік олимпиадада Абай университетінің командасы 3 орынға ие болды


XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадада «6В05203-География» мамандығы бойынша Абай университетінің «Жетісу» командасы 3-ші орынға ие болды. 2022 жылдың 20 сәуірінде онлайн форматта өткен шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды жұмылдыру; ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.


Олимпиадаға Абай университеті Жаратылыстану және география институтының 3-курс «6В05203-География» мамандығының студенттерінен құралған «Жетісу» командасы қатысты. Команда мүшелері - Шарапат Мағжан, Таменова Арайлым, Матигулла Ботагөз. Команда жетекшілері - «География, қоршаған орта және қызмет көрсету» білім беру бағдарламаларының аға оқытушылары Боранкулова Дина мен Бейкитова Альбина.


Олимпиада үш тур бойынша өткізілді: команданы таныстыру, онлайн-тестілеу, жоба қорғау. «Жетісу» командасы «Қазақстан Республикасының халық санағы: қазіргі заманғы тенденциялар мен даму мәселелері» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.

 

Республикалық пәндік олимпиадаға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінен командалар сайысқа қатысты.