қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.04.2022

«Дін мен дәстүр. Діни экстремизм қалай пайда болады?» дөңгелек үстелі


2022 жылдың 13 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ғылым онкүндігі-2022 аясында «Дін мен дәстүр. Діни экстремизм қалай пайда болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Мақсаты - соңғы бірнеше жылда Қазақстан жағдайында өзін көрсеткен діни радикализмнің тамыры мен негізгі факторларын айқындау болып табылады.


Соңғы жылдардан бастап, діни сипаттағы зорлық-зомбылық актілерінің өсуі, әсіресе радикалды идеологияның криминализацияланған әлеуметтік ортамен байланысы тұрғысынан жеткілікті терең зерттелмеген. Қатысушылар Қазақстандағы адамдарды радикалды идеологияға тарту процесін де, зорлық-зомбылық экстремизмінің сипатын да айтарлықтай дәрежеде сипаттауға әрекет етті.


Ғылым күніне арналған іс-шараға институт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.Муратказин, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі К.М: Рүстем, профессор М.К. Тулекова, аға оқытушы Д. Мамырбаев, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамада жүрген магистранттары Е.Мұратов, А.Кубаев, А.Сарсембаев, С. Сагидуллин, Н. Хабрушев және студенттер қатысты.


Дөңгелек үстелді алғы сөзбен бастаған Әлем тарихы кафедрасының доценті Е.Т. Калиева діни экстремизм тақырыбының әлемдік, аймақтық, мемлекеттік деңгейде өзекті болып отырғандығын атап өтті. Қазақстан Республикасында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл жөніндегі 2017 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша іс - шаралар жоспарын орындалу барысына тоқталды. Біздің елімізде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жоғары деңгейде қабылданған. Ғаламторда экстремистік тартумен және насихаттаумен күресу үшін киберқауіпсіздік тұжырымдамасы әзірленген. «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесі жұмыс істейді. Интернет-кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу мақсатында үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.


Дөңгелек үстел жұмысының барысында қазіргі Қазақстандағы діни ахуал, діни экстремизм көріністері мен қауіп-қатері, ондағы жас тарихшы-дінтанушы мамандардың діни сауаттылықты арттырудағы рөлін талқыланды.


Қатысушылар мектептегі дінтану сабағының жүргізу әдістемесі, діни тақырыптарды түсіндірудің әдіс-тәсілдеріне байланысты ойларымен бөлісті.