қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Сәлғожа Индира Тойшыбекқызы

Сәлғожа Индира Тойшыбекқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Сәлғожа И.Т., 1977 жылы 11 қарашада Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Нарынқол ауылында  дүниеге келді.

Жалпы еңбек өтілі 29 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 22 жыл.

2001 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде қызмет атқарады. 2001 жылы  Информатика және қолданбалы математика кафедрасында оқытушы қызметін, 2004 жылдан осы кафедрада аға оқытушы қызметін атқарды.  2019 жылдан бастап  аға оқытушы, PhD  қызметін атқаруда.

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білімді ақпараттандыру саласы бойынша 2 педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындап, 30-дан астам дипломдық жұмысқа жетекшілік етті.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті

Информатика оқытушысы және компьютерлендіру менеджері 

1999 ж.

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті

 

Информатика (магистратура)

2001 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

(аспирантура)

13.00.02- Оқытудың әдістемесі мен теориясы (информатика)

2004 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

(докторантура)

6D011100 - Информатика

2018 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

 (РhD) философия докторы

6D011100-Информатика

2019 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Информатиканы оқыту

Білім берудегі цифрлық технологиялар

Цифрландыру жағдайында мектеп информатикасын оқытудың әдістемесі

Алгоритмдеу және программалау

Программалау

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ 

И.Т.Сәлғожаның 50-ге жуық ғылыми-еңбектері жарық көрген, оның ішінде: Scopus базасында - 4, (Scopus хирша - 1), ҚР БҒМ бақылау комитеті тізіміндегі журналдарда жарық көрген мақалалар - 20, оқу (оқу-әдістемелік) құралдар саны - 4, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігі - 1

 

МАРАПАТТАРЫ

Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік төсбелгісі, 2019ж.;

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісі, 2023ж;

 

 

 

 


← Вернутся назад