қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.03.2022

Абай университетіндегі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауын жария еткені белгілі. «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ-да мемлекет басшысының Жолдауы ұжымдық ұйымдастырушылық жауапкершілікпен тыңдалды. 2022 жылдың 17 наурызында университетте офлайн және онлайн форматта басшылық, ұжым, профессор-оқытушылар құрамы Жолдаудың өзектілігін бірлесіп талқылады. Талқылау барысында «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ ректоры Дархан Біләлов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, университет ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Мақсат Жақауов, Жастар ісі жөніндегі комитеттің менеджері Дана Білдебаева сөз сөйледі. Сонымен қатар, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев өз ұсыныстарымен, тұжырымдарымен бөлісті. Талқылауға қатысқан профессор-оқытушылар құрамы да өз пікірлерін білдіріп, елді жаңғырту жөніндегі «Жаңа Қазақстан» курсына қолдау білдірді. Ең бастысы, еліміз аман болып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылған Жаңа Қазақстанымыз өркендей берсін.