қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.04.2022

Профессор Т. Оспановтың кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша балалардың ІI Республикалық конкурсы


Педагогика және психология институты Кәсіби даярлау бөлімі Бастауыш білім беру бағдарламалары кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша балалардың Республикалық конкурсын өткізді.


Конкурс 2022 жылдың 15 ақпанында қашықтықтан ұйымдастырылып, өткізілді. Конкурс жұмыстары 2022 жылдың 25-наурызына дейін қабылданды. 1 сәуірде конкурстың нәтижесі шығарылып, оқушыларға марапаттар жіберілді. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1. Оқушылардың туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өлкетану есептерін құрастыру барысында оқушылардың зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту.
3. Олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
4. Математикаға икемділіктері мен қабілеттері бар оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.
5. Оқушылардың оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.


Әділ қазылар алқасы белгіленген критерийлер бойынша электронды түрде дауыс берді.


Конкурс 1-4 сынып оқушылары топтарында жүргізілді. Конкурсқа 110 жұмыс келіп түсті. Қазақ және орыс мектептерінен келген жұмыстардың саны бірдей.


Конкурсқа төмендегідей сюжетті математикалық есептер қабылданады:
- желісі туған өлкенің тарихи, мәдени, табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін бейнелейтін өлкетанушылық материалдар;
- математикалық мазмұны бастауыш сыныптар математикасының мектептік курсы бағдарламасына сай болуы;
- есептің құрылымы мен түрін (есептер жай және құрама, мәтіндік математикалық және логикалық) өз бетімен таңдауға болады.
- түріне қарай есептің шешуі оқушының қалауынша рәсімделеді.


Есептерді оқушылардың өздері құрастырулары тиіс. Өлкетанымдық материалдар түрлі анық дереккөздерден алынуы, олардың мұрағаттық материалдардан табуы немесе этнографиялық экспедиция барысында туған өлкесінің тұрғындарының айтқан әңгімелерінен жазылып алынуы тиіс. Конкурсқа қатысуға берілетін бір өтініштегі оқушы саны екіден аспауы және дереккөздерге сілтеме болуы тиіс. Оқушылардың жетекшісі (мұғалім, студент-практикант, ата-аналар, ағалары мен әпкелері) болуы қажет.


Конкурстың модераторлары доценттер Әсел Ақпаева мен Лариса Лебедева және қазақ бөлімінің 1 курс магистранттары болды: Тойлыбекова Улмира, Джанкенова Анаргуль, Оразбаева Айжан, Тленчиева Баян, Бакбаева Алия, Дархан Аружан, Кулынтаева Алтынай.

 

«Бастауыш білім беру бағдарламалары» Кәсіби даярлау бөлімі, әділ қазылар алқасы мен оқушылардың жетекшілеріне алғыс білдіреді.