қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.04.2022

Абай университеті мен Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

2022 жылдың 31 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты - Абай университеті мен Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.

 

Іс-шараға AСБ, ментальді және мінез-құлықтық ауытқулары бар балаларға қолдау көрсету және көмек көрсету жүйесін дамыту жөніндегі жобалық топтың үйлестірушісі, жоба сарапшысы Айнұр Құдайбергенова, оқу орнының Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Хайрулла Жанбеков, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Римма Абдықадырқызы қатысты.


Меморандумды іске асыру Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдерін кешенді көмек көрсетудің заманауи жалпыға бірдей танылған халықаралық әдістерімен (аутизм спектрі бұзылған, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды (ары қарай - AСБ және ПМБ) психологиялық-педагогикалық қолдау және әлеуметтік оңалту) оқытуды және кейіннен университеттің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру аясында студенттерге осы әдістерді үйретуді көздейді. Оқытуды сәтті аяқтаған оқытушылар университеттің бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін мамандандырылған және авторлық білім беру курстарын әзірлейді.


Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы жаңа инновациялық технологиялар негізінде есту қабілетінің негізгі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу және адам аяқ-қолдарын протездеу бойынша өзекті мәселелерді шешеді. Шетелдік әріптестермен тұрақты қарым-қатынас орнатқан. Алған білімдерін тәжірибеде іске асырып, қолданады.

 

Кездесу барысында ректор ерекше балалар мен олардың отбасыларының құқықтарын қорғау, мұндай балалардың қоғамға интеграциялануына ықпал ететін қоғамдық пікірді қалыптастыру саласындағы маңызды міндеттерді орындауға бағытталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дұрыс құрастырылған білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажет. Ол үшін біз әлемдік тәжірибе алмасуға, мамандарымыздың біліктілігін арттыруға барлық жағдайды жасауға дайынбыз.

 

АСБ, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларға қолдау және көмек көрсету жүйесін дамыту бойынша жобаның жұмысы мен университеттің білім беру бағдарламасына енгізу үшін авторлық білім беру курстары, арнайы нұсқаулықтар әзірлеу бойынша өзекті мәселелер талқыланды.