«Цифрлық еріктілер» жобасы жұмыс істейді!
Университетіміздің бастамасымен «Цифрлық еріктілер» жобасы аясында №19 жалпы білім беретін мектепте наурыз айынан бастап пән мұғалімдері мен студенттердің бірлескен жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Университетіміздің 2, 3 курс студенттері мектеп оқушыларының білімдерінде кеткен олқылықтарды толықтыру мақсатында аптасына 2 рет онлайн және сенбі күндері офлайн режимінде қосымша сабақтар ұйымдастыруда.
Студенттердің арасында Жунісхан Сабина, Дәменұлы Біржан, Рыспекова Дильназ, Алпысбаев Адлет пен Сейдехан Нұрасыл ерекшеленеді. №19 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен ата-аналар қауымы еріктілер-болашақ мұғалімдерге үлкен алғыстарын білдірді.

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент