қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.03.2022

Мектепте Әлем тарихы кафедрасының филиалы ашылды

 

2022 жылдың 11 наурызында Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақкент шағын ауданында орналасқан №181 жалпы білім беретін мектепте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институты Әлем тарихының филиалы ашылды.

Кафедра филиалының ашылуына байланысты ұйымдастырылған іс-шара «Заманауи білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары» тақырыбында әдістемелік семинармен жалғасын тапты.

 

Семинарда Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушылары Гулқыз Жусанбаева «Нәтижеге бағытталған тарихи білім беру мәселелері», Руслан Сейтқазиев «Академиялық білімдегі интелектуализм мен экзистенциализм», оқытушысы Дидар Мамырбаев «Зайырлылық дінтану негіздері курсын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

 

Семинарда қазіргі білім беру саласындағы өзекті мәселелері талқыланып, болашақ тарихшы мұғалімдерді даярлаудағы әдістеме, тәжірибе мәселелеріне қатысты Тарих және құқық институтының директорының ғылым істер жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин, Әлем тарихы кафедрасының профессоры Мереке Тулекова, мектеп директоры Жеңіскүл Сатаева, тарих пәні мұғалімі Айна Сәденова өз ойларын ортаға салды.