қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.02.2022

«Өз таңдауыңды жаса, талапкер-2022» форумы

 

2022 жылдың 23-24 ақпан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтетінің академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясованың басшылығымен Талдықорған қаласы, Алакөл, Кербұлақ аудандық білім беру мекемелерімен қоғам арасындағы тиімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында және 10-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда еңбек нарығына бейімдеуге арналған «Өз таңдауыңды жаса, талапкер-2022» кәсіби бағдар беру форумы өтті.

 

Форумда бірнеше профессор - оқытушылар баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. Түлектер қауымдастығының директоры Болатбек Нұрбатыров «Ұлттық университтет-ұтымды таңдау», Ерсайын Молдасанов «Университеттің әлемдік нарықтағы орны», Роза Бакбергенова «Ұлы тұлғалар ізімен», Алпысбай Тамаев «Эссе, шағын әңгімелер жазу стилін қалыптастыру», Ерлан Қасенов «Әлеуметтік көмек» тақырыптарында баяндамаларын оқыды. Қабылдау және рекрутинг кеңесінің маманы Лашын Уразгалиева «ҰБТ» түлектерге арналған жеңілдіктер, шығармашылық емтихандар және колледж, магистратураға тапсырудың бағыт-бағдарымен таныстыра отырып, пікір алмасты. Университет түлегі «Жыл ұстазы -2019» 30 жылдан астам еңбек өтілі бар Сырым Ыбыраев және Арайлым Аманбаева сөз алып, білім нәрімен сусындаған ұстаздарымен мақтанатынын айтып, мектеп бітіруші түлектерге бағыт-бағдар берді. Форум соңында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлектерін және ұйымдастырушыларды түлектер қауымдастығының директоры Болатбек Нұрбатыров, Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловтің алғыс хаттарымен марапаттады. Форумды ұйымдастырушылар академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD Нұрсәуле Қылышбековаға, Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Мария Садуақасоваға, Ұлжанат Джакубаеваға, Алакөл, Кербұлақ аудандық білім беру басшыларына және әдіскер Назгүл Қыдырбековналарға Филология және көптілді білім беру институтының директоры профессор Алуа Таңжарықованың атынан алғыс білдірілді. Форумға 800-ден аса түлектер мен ата-аналар, ұстаздар қатысты.