Main
News
25.02.2022 Профессор Джун-Кон Чунгтың «Жаңа қоғамдастық жолында - оның қажеттілігі мен маңыздылығы» онлайн-дәрісі
2022 жылдың 24 ақпанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Eurasia Foundation (from Asia)» жобасы аясындағы кезекті сабағы өтті. Дәріс тақырыбы - «Жаңа қоғамдастық жолында - оның қажеттілігі мен маңыздылығы». Дәрісті «Eurasia Foundation (from Asia)» орталық кеңсесінің профессоры Джун-Кон Чунг (Joon-Kon Chung) оқыды. «Eurasia Foundation (from Asia)» қоры көптеген университеттердегі дәрістердің құрылтайшысы. Бұл қорға деген университеттердің қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. Әртүрлі метаталдаулар жүргізіледі.
Профессор дәрісті бастамас бұрын аудиторияға «Бізге болашақта қандай қоғам қажет?» деген сұрақты қойды. Осыдан кейін профессордың өзі қауымдастық деген не және ол не үшін қажет екендігін түсіндіріп өтті. Адамның қажеттіліктері қоғамдағы маңызды факторлардың бірі екендігі түсінікті. Қажеттіліктер технологиялардың дамуына себін тигізері анық. Ал бұл ретте жаратылыстану ғылымдары маңызды рөлді атқарады. Сондай-ақ, профессор «уақыт», «кеңістік» және «адам» секілді ұғымдарға баса назар аударды. Бұл ұғымдар адамзат үшін негізгі ұғымдар болып табылады. Адамдар белгілі бір ортада өмір сүретіні анық. Сол социумда дамып, қалыптасады. Осындай шеңбердің нәтижесінде адамның өмірге деген қызығушылығы пайда болады.
Профессор дәріс соңында қоғам мен қауым кеңістігіне баса назар аудару қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, осы іс-шараны ұйымдастырушы саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиковке алғысын білдірді.
Дәріс соңында қатысушы студенттер мен магистранттар қоғамдық мәселелерге байланысты сан алуан сұрақтарын қойып, қызығушылық танытты.
|