Main
News
17.02.2022 Абай университеті студенттерінің химия пәнінен олимпиадаға қатысуы
2022 жылғы 15 ақпанда Жаратылыстану және география институтының «Химия» білім беру бағдарламасы тобының студенттер командасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде өткен «Petrogames» олимпиадасына қатысты.
Олимпиадаға ҚР жетекші жоғары оқу орындарының «Химия» және «Мұнай химиясы» мамандықтары бойынша білім алатын студенттер қатысты: Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚазҰПУ және Каспий университеті.
Олимпиада 4 кезеңде өтті: 1-ші - химиядан есептер шығару (барлық бөлімдер бойынша); 2-ші - 21 ғасырда мұнайды экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану (командалардың тұсаукесерлері); 3-ші - кейс- тапсырмалар: қондырғыны орнатуды ойлап табу және 4-ші тур - реакция механизмін түсіндіру (презентациялар, бейне-роликтер).
|